ХРОМТАУ. ҚазАқпарат - Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылында үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.
«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбе қаласында көпқабатты үйде пәтер өртенді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.