Хуситтер 12 қазанда жасаған мәлімдемесінде Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы әскери әуе базаларының біріне де ұшқышсыз ұшу аппаратымен соққы бергенін хабарлады.
– Король Халид атындағы халықаралық әуежайға баллистикалық зымыран ұшырылды. Сонымен қатар Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы әуе базасына ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы шабуыл жасалды, – делінген хуситтердің мәлімдемесінде.
Әзірге шабуылдардың салдары, зардап шеккендер мен келтірілген шығын туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Сауд Арабиясы билігінің бұл мәлімдемеге қатысты ресми түсініктемесі де әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін 11 қазанда хуситтер Сауд Арабиясының әуежайларына тағы да шабуыл жасайтынын ескерткен болатын. Қозғалыстың әскери өкілі Яхья Сари әуе компаниялары мен жолаушыларды елдің әуежайларын пайдаланбауға шақырған.