АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Hyundai Motor автоконцернінің кәсіподақ ұйымы Оңтүстік Кореяның Демократиялық кәсіподақтар ұлттық федерациясының ел президенті Юн Сок Ёльдің отставкаға кетуіне байланысты ереуіліне қосылмақ. Бұл туралы кәсіподақ өкіліне сілтеме жасап Yonhap агенттігі хабарлады, деп жазады Report.
– 43 мың адамнан тұратын Hyundai кәсіподағы бейсенбі және жұма күндері төрт сағаттық ереуіл өткізеді, – делінген хабарда.
Айта кетейік, сәрсенбі күні YTN телеарнасы Демократиялық кәсіподақтардың ұлттық федерациясы ел президенті отставкаға кеткенше мерзімсіз жалпы ереуіл жариялағанын хабарлаған.
Бұған дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлерінің келіссөзі өтпейтінін хабарлаған едік.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі отставкаға кетті.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы