Hyundai, Kia және Genesis 208 мың электр көлігін кері қайтарып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — 62 872 Kia электр көлігі және 145 235 Hyundai және Genesis электромобильдері кері қайтарылуда. Бұл оңтүстік кореялық брендтердің басым бөлігі, деп жазады CBS News.
Компания өз көліктерін биылдың есебінен бірінші рет кері қайтарып жатқан жоқ. Hyundai бұған дейін өздігінен қозғалуына себеп болуы мүмкін сымдардағы ақаулықтарға байланысты АҚШ-тағы 42 000-нан астам көлікті кері қайтарып алған.
Енді қайтарып алудың себебі — зарядтау блогындағы (ICCU) техникалық ақау. Бұл құрылғы істен шығып, 12 вольтты батареяны зарядтамай қалуы мүмкін. Егер бұл ақаулық көлік жүріп келе жатқанда орын алса, көлік тарту күшін жоғалтып, нәтижесі апатқа әкелуі мүмкін.
Әзірге мұндай жағдайлар тіркелмеген, бірақ теориялық тұрғыдан мүмкін деген болжам бар. Сондықтан кері қайтарып алу тізімдеріне енген автокөлік иелеріне төмендегі аталған маркаларды ресми дилерлік орталықтарға алып бару ұсынылады. Онда олар диагностика жүргізеді және қажет болған жағдайда ақаулы қосалқы бөлшекті ауыстырып, бағдарламалық жасақтаманы жаңартады.
Кері қайтаруға келесі үлгілер кіреді:
2022–2024 жылғы Hyundai Ioniq 5;
2023–2025 жылғы Hyundai Ioniq 6;
2023–2024 жылғы Genesis GV60, GV70 және G80;
2022-2024 жылғы Kia EV6.
Еске салайық, Tesla автопилот ақауына байланысты 2 миллион көлігін кері қайтарып жатыр.