Tesla автопилот ақауына байланысты 2 миллион көлігін кері қайтарып жатыр

Тесла
Фото: ALAMY

Илон Масктың Tesla компаниясы америкалық реттеуші компания көліктерінің автоматты басқару жүйесіндегі қауіпті ақауларды анықтағаннан кейін екі миллионнан астам электр көлігін кері қайтарып жатыр. Kazinform бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабардайды.

Бұған автопилот қосулы кезінде көліктерде болған апаттарға қатысты екі жылдық тергеу себеп болды.

Кері қайтару 2015 жылдан бері АҚШ-та сатылған, автопилотпен жабдықталған барлық Tesla көліктеріне қатысты.

Бұл - Tesla көліктерінің биылдыққа екінші рет кері қайтарылуы.

Иелеріне көліктерін сату және қызмет көрсету орталықтарына апарудың қажеті жоқ: Компания бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қажетті микробағдарламаны интернет арқылы тікелей электр көліктерінің борттық компьютерлеріне жіберетінін айтты.

Алайда, бұл бәрібір ресми түрде кері қайтару болып саналады.

Соңғы жаңалықтар