«Бүгін біз Сырдария мен Әмудария өзендерінің бастау алар тұсына жаңа гидротехникалық құрылыстар салуға қатысты ортақ ұстанымызды қуаттадық. Ол БҰҰ-ның халықаралық құқықтары мен нормаларының жалпы танылған нормаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұған қоса, аталған өзендердің төменгі сағасында қоныстанған барлық елдермен міндетті түрде келісілуі қажет», - деді И.Каримов.
Сонымен қатар ол Қазақстан тарапының Өзбекстанның Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалығына қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп «Арал теңізі бассейіндегі елдерге көмек көрсету бағдарламасының» үшінші фазасы аясында бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екендігін баса айтты.