Жергілікті тұрғындар иттер мұндай әрекеттерді жиі жасайтынын айтады. Тіпті олардың кейбірі тіпті акула аулауға үйретіледі екен. Әрине, әңгіме шағын акулалар жайында. Есі дұрыс адам итін ұзындығы 5 жарым метр болатын алып акулаға қарсы айтақтамас болар.
20:35, 29 Желтоқсан 2016
Иесін құтқармақ болған ит акулаға қарсы ұмтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда ит иесін қорғау үшін алып акулаға шабуылдады. Осы ерекше сәт жайлы видео Йорк мүйісінен 400 шақырымда Мабуйяг аралындағы жағажайда түсірілген.