II Дүниежүзілік көшпенділер ойындары әнұранына ресми видеоклип түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ДКО хатшылығы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына II Дүниежүзілік көшпенділер ойындары әнұранына ресми видеоролик жариялады, деп хабарлайды КирТАГ.

Көшпенділер ойынына арналған ресми әнұран мәтінінің авторы Ұланбек Әбдірахманов, әні Эмиль Кенжеқұловтікі. Әнұранды отандық эстрада жұлдыздары орындады.

Атап өтсек, II Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Ыстықкөл облысында 3-8 қыркүйекте өтеді.