«Бостандық ауданы Тимирязев көшесіндегі 2016 жылғы 31 қазандағы қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жергілікті ішкі істер басқармасында ҚР ҚК 192-бабы бойынша сот алды тергеу басталды», - деді полицияда.
Криминалдық полиция бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері ішінен құрылған арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі сәтте шабуыл жасағанның кім екенін және оны ұстауға бағытталған жедел тергеу шаралар кешені жүргізілуде. Еске салсақ, Тимирязев - Марков және Байтұрсынов көшелері бойында «Алатау Гранд» бизнес-орталығы маңында адамға шабуыл жасалған.
«БАҚ-та пайда болған ақпаратқа байланысты банктің барлық бөлімшелері күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолданумен штаттық режімде жұмыс істеуде. Шабуыл ВТБ банк бөлімшесінен тыс жерде орын алған», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Фото Informburo.kz