Рейтинг Қазынашылық комитеті төрағасының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №144 «Үздік бюджеттік бағдарламалар әкімшісі» және «Үздік мемлекеттік мекеме» атағы номинациялары бойынша рейтинг жүргізу бойынша әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде жүргізілді.
Рейтинг бюджетті атқару сапасын сипаттайтын көрсеткіштер негізінде белгіленді.
Бағалау қорытындысы бойынша «2015 жылғы бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалардың Үздік әкімшісі» номинациясында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі жеңімпаз атанды.
Қазынашылық комитеті мемлекеттік мекемелерді бағалауды алдағы уақытта да жыл сайын жүргізетін болады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.