Министр жалпы алғанда елдегі криминогендік жағдайды өткен жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз деп бағалайтынын жеткізді. «Мысалы, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 276 мың қылмыс тіркелді. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 40,5 пайызға артық. Осылайша, біз бұрын бүркемеленіп келген 82 мыңға жуық қылмысты «көлеңкеден» алып шықтық. Олар негізінен тіркеу кезінде түрлі айла-шарғыға оңай ілігетін ұрлық, бұзақылық және өзге де ұсақ қылмыстар», - дейді Қ. Қасымов.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандағы қылмыстың құрылымында мүліктік-пайдакүнемдік бағыттағы қылмыстар басым сипатқа ие. Мәселен, жалпы көрсеткіштің 70 пайыздан көбі ұрлық пен тонау және қарақшылық шабуылдарға жатады. «Қылмыстардың 62 пайызын ұрлық құрап отыр. Осы бағыттағы қылмыстақ саны 17,5 пайызға өсті. Дегенмен, соңғы жылдары кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс 19 пайызға, ал бұрын сотты болғандардың қылмысы 3,6 пайызға азайды», - дейді Қ. Қасымов.