Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтау қаласында жерлеу рәсіміне жұртшылықтың жаппай жиналу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды.
Белгілі болғандай, 3-17 тамыз аралығында Маңғыстау облысында аймақтың Бас мемлекеттік дәрігері қаулысының негізінде қатаң шектеу шаралары енгізілді, соның ішінде адамдардың жаппай жиналуымен өтетін іс-шараларға тыйым салынған. Өңірде қатаң шектеулер енгізілгеніне қарамастан, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзуға жол бермеу бойынша іс-шараларды уақытылы қолданған жоқ.
Еске сала кетсек, Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналғандығын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.