Шағын видео жарылыстан зардап шеккен қаланың жайы туралы түсірілген. Видеода Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкерлерінің бір күндік жалақыларын Арыс халқының қажеттілігі үшін бөлетіндігі жарияланған.
Арыстың басына түскен күн бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, қарапайым азаматтардан бастап мемлекеттік орган қызметкерлері, белді кәсіпкерлер өз көмектерін шама-шарқынша беріп жатыр.