Әлеуметтік желілерде үй киімінде қызметтік міндетін атқарған полиция қызметкері туралы видео тарай бастады. Осыған байланысты ІІМ түсінік берді.
«8 шілде күні кешкі сағат 11-де Деркөл кентінде өз үйінде болған Орал қаласының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде жүрген кәмелетке толмаған 3 баланы көрген. Ол балаларға қауіп төнуі мүмкіндігін ескеріп, дереу шара қабылдаған.
Азаматтық киім үлгісінде болса да, ол өз міндетін атқара отырып, балалар үшін жауапкершілікті сезінген. Жұмыста болмағанына қарамастан, аталған қызметкер үйінің жанында болып жатқан мән-жайды көре отырып, дереу заңды өкілдерін анықтаған, полиция жасағын шақырған.
Осындай фактілерді болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін заңды өкілдерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 2-бөлігінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Алайда балалардың ата-аналарының бірі әкімшілік хаттама жасалғанына ызаланып, қызметкер үй киімінде өз өкілеттігін жүзеге асыруға құқығы жоқтығын алға тартып, видеоға түсіре бастаған», - делінген мәлімдемеде.