«Павлодар қаласының патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзған Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің Астана қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол инспекторларға Ішкі істер министрлігіне қарасты Жеке қауіпсіздік департаменті қызметкерінің қызметтік куәлігін ұсынған. Оның құжаттарын тексеру кезінде куәліктің жалған екені білгілі болды», - деп мәлім етті Шұғыла Тұрлыбек.
Бұл оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.