ІІМ қызметкерлері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық туралы жасырын сауалнама өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Талап»қолданбалы зерттеулер орталығының өкілі Серік Беркамалов мәлім етті.

«ІІМ қызметкерлеріарасында жемқорлық түсінігі мен ұжымдағы қарым-қатынас жөнінде жасырынсауалнама жүргіземіз. Бұл анкетаны шетелдік және қазақстандық үздік әлеуметтанушыларекі ай бойы әзірледі. 2019 жылдың төртінші тоқсансында ІІМ қызметкерлеріарасында ауқымды жасырын сауалнама жүргізіледі», - деді С. Беркамалов ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода өткен брифингте.

Оның айтуынша,анкета бірнеше бөлімнен құралған. Оның бір бөлігі ІІМ сипаттамасына, яғниведомствоның қызметкерлерді ынталандыруына арналады. Сауалнамаға ең кемі 2 мыңадам қатысуы тиіс.

«Сауалнаманың тағыбір бөлігінде жемқорлық түсінігі, бейресми қарым-қатынастың қай кезеңіндежемқорлықтың басталатыны, оны қызметкерлердің қалай түсінетіні талқыланады.Ауызша алғыс айту немесе ұсақ сыйлықтар жөнінде сұрақ қойылады. Үшінші бөлікжемқорлық қарқыны мен бөлімшелердің беделіне арналады. Яғни, ІІМ жүйесіндегіқай бөлімшелерде жемқорлықтың жиі кездесетіні сұралады», - деді спикер.

Сондай-ақ, С.Беркамалов қызметкерлердің өзін ыңғайсыз сезінбеуі үшін барлық сауалнаманыңжасырын жүретінін жеткізді.

«Сауалнама ІІМқызметіне тек қана сараптама жүргізу үшін емес, нақты нені өзгерту қажеттігінанықтау үшін жүргізіледі. Ең алдымен ІІМ қызметінде қолданылатыннормативтік-құқықтық актілерге, бұйрықтарға, ішкі қызметтік бұйрықтарға талдаужасалады. Жемқорлық қауіптер табылған жағдайда ұсынымдар беріп, ІІМ қандайөзгерістер қажеттігін айтамыз», - деді Серік Беркамалов.

Соңғы жаңалықтар