ІІМ министрінің орынбасары Алматы тауларындағы қауіпті учаскелерді аралады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Алматы маңындағы сел қаупі бар бассейндерді әуеден бақылауға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерін бақылауға Алматы ТЖД, «Қазселқорғау» ММ басшылығы қатысты.

Ұшу кезінде көшкін қауіптілігіне баға беріліп, тау шатқалындағы мұздықтардың жағдайы, қар көшкіні орындары тексерілді. Қаскелең өзені бассейнінен Талғар өзеніне дейін Іле Алатау жотасының орталық бөлігіндегі қардың қоры анықталды.

Жалпы, таудағы қар жамылғысының биіктігі 85 см, оның көлемі қалыпты деңгейде. Ол мамыр айына дейін ерімей жатады.

ТЖД басшылығы Ю. Ильинге соңғы 2 жылда 97 шақырым арық желілері салынып, 32 өзен арнасы тұрақталғанын баяндады. Бұл су тасқыны қаупі бар аймақтар санын 67-ден 12-ге дейін азайтуға ықпал еткен.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алматыдағы су тасқыны қаупі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң нәтиже берді.



Данияр Дәуіталиев