Жиынға көп қылмыстық істерді сотқа жіберген, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде істердің сапасы мен заңдылығын қамтамасыз еткен қызметкерлер жиналды. Слеттің қорытындысы бойынша Алматы қаласы полиция департаменті Медеу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Сабыржан Сексенбаев 2019 жылдың үздік тергеушісі атанды.
Ең үздік анықтаушы болып елордалық полиция майоры Әскербек Мұхамбетқалиев атанды.
Слеттің 40 делегаты ІІМ академиясының студенттерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Олар соңғы курстарға арналған шеберлік сабақтарын өткізді, тергеу қызметінің аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, практикалық ұсыныстар берді.
«Ішкі істер органдарында тергеушілер мен анықтаушылардың үлесіне жасалған қылмыстық істің 90% тергеу ауыртпалығы жүктеледі. 2019 жылы 493 мың қылмыстық іс өндірісте болып, мұндай жүктеме еңбекті ұтымды ұйымдастыруды, əдісті жəне келісілген қызметті талап ететі», - деп атап өтті ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Ішкі істер министрлігі тергеу қызметкерлерінің жұмысына тиісті жағдайлар жасау үшін, оның ішінде жалақысын 55% арттырып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төлеуді қолға алды.
Қазіргі таңда бес оқу орындарының ішінде бакалавриат жүйесі бойынша тергеушілерді даярлауды тек ІІМ Қарағанды академиясы ғана жүзеге асырады.
Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов өз мамандығы бойынша үздік деп танылған тергеушілердің көпшілігі – академия түлектері екенін мәлімдеді. Жалпы жоғары оқу орны құрылғаннан бері мұнда дипломды 22 мыңнан астам адам алды.