Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің құқық бұзушының артынан жүгіргені түсірілген видео тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, қашып бара жатқан азамат та полиция қызметкері.
ІІМ бұл ақпаратты растады.
«6 қазан күні сағат 12:00-де Жаңаөзендік патрульдік полиция қызметкерлері жалған нөмірлі «Тойота» көлігін тоқтатты. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 4-бөлігінің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік тұраққа қойылды. Материал сотқа жіберілді», - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл қызметкердің әрекетін тәртіптік комиссия қарайды.
Фото: polisia.kz