Олардың арасында «Чернобыль ардагерлері кеңесі» үйлестіру кеңесінің төрағасы Әбілда Әбдікәрімов, Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Төлеміс Құлмұхамедов және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің процессуалдық зерттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ғылыми-зерттеу институтының директоры Марат Қоғамов бар.
«Министрлік Қоғамдық кеңестің жұмысына үлкен мән береді. Өздеріңіз білесіздер, жуық арада қабылданатын «Ішкі істер органдары туралы» Заңның жаңа редакциясында ішкі істер органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасы туралы және қоғамдық бақылау жүйесі жөніндегі бөлімдер болады. Яғни, Қоғамдық кеңестің бұдан былайғы жұмысы заңнамалық тұрғыда жүргізіледі деген сөз» , - деп атап өтті Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.