Илон Масктың айтуынша, қазір орбитада Starlink желісінің шамамен 11 мың спутнигі бар. Олардың басым бөлігі екінші буынға жатады. Компания үшінші буындағы (V3) спутниктерді ұшыруды бастап кеткен.
Жаңа аппараттардың өнімділігі алдыңғы үлгілермен салыстырғанда 10 еседен астам жоғары. Сонымен қатар SpaceX ғарышқа ұшырылатын спутниктер санын да 10 есе көбейтуді жоспарлап отыр.
Масктың пікірінше, осы екі фактордың үйлесуі алдағы 2-3 жылда спутниктік желінің мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге жол ашады.
Бұдан бөлек, компания төртінші буындағы (V4) спутниктерді әзірлеп жатыр. Кәсіпкердің болжамынша, олардың қуаты V3 нұсқасынан 10 есе жоғары болады.
Еске салайық, SpaceX АҚШ-та Starship-ке арналған жаңа ғарыш айлағын салатыны хабарланған болатын.
Бұған дейін SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесі алғаш рет Жер орбитасына шығып, Starlink жерсеріктерін ғарышқа шығарды