The Washington Post газеті өзінің ақпарат көздері мен құжаттарға сілтемемен хабарлағандай, компанияны кім сатып алса да алдағы айларда қызметкерлер саны мен жалақы төлеу қоры қысқартылады.
Әлеуметтік желі сондай-ақ инфрақұрылымын да, атап айтқанда деректерді өңдеу орталықтарын да қысқартады.
Басылым мәліметінше, Twitter-де қазір 7,5 мың қызметкер жұмыс істейді. Егер Илон Маск жоспары жүзеге асса, компанияда 2 мыңға жуық жұмыскер қалады. Twitter қызметкерлерін қысқартады деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Биылдың ең көп күтілген мәмілелелрінің бірі алдағы аптада аяқталуы мүмкін. Маск әлеуметтік желіні $44 млрд сомаға сатып алуға ниетті екенін сәуірде мәлім етіп, мамырда компаниядан фейк аккаунттар жайлы ақпаратты сұратқан болатын. Оны алмаған соң бизнесмен компанияны сатып алудан бас тартатынын мәлімдеген еді. Сол кезде Twitter Маскты сотқа берген. Қазанның басында Маск келіссөздерді қайта жалғастырды. Сот оған сатып алу туралы мәмілені аяқтауға 28 қазанға дейін уақыт берді.
Еске салсақ, жуырда америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter-ді бастапқы бағамен сатып алу келісімін ұзартуды ұсынды. Сәуір айында Маск әлеуметтік желіні 44 млрд долларға сатып алуды ұсынды. Бірақ шілденің басында заңгерлер компанияны Twitter жалған профильдер туралы сенімді ақпарат бермегендіктен сатып алудан бас тартқанын хабарлады.