Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитында Джакартадан 125 шақырым солтүстікте орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 359 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.
Айта кетейік, Қытайдың солтүстік-батысында магнитудасы 5,1 жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ Ливанда «Хезболла» туннелі жарылғаннан кейін жер асты дүмпулері тіркелді.