Индонезияда 6,0 магнитудасымен жер сілкінді

ДЖАКАРТА. СИНЬХУА–ҚазАқпарат – Индонезия шығысындағы Папуа провинциясында дүйсенбі күні 6,0 магнитудасымен жер сілкінді. Цунами болған жоқ. Бұл туралы Индонезия Метеорология, климатология және геофизика агенттігі жер сілкінісі мен цунами салдарын жою бөлімінің басшысы Дарионо мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа-ға сілтеме жасап.

Дариононың айтуынша, агенттік алдымен 6,2 магнитудалы жер сілкінісі туралы хабар таратқан, кейін түзету енгізген.

Жер сілкінісі Джакарта уақытымен таңғы 9:51-де болған. Эпицентрі Кеэром округінен оңтүстік-батысқа қарай 79 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте орналасты.

Шенеунік зілзаладан қатты тербеліс болмағанын мәлім етті.