Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні болған. Джакарта қаласындағы іздестіру-құтқару басқармасының басшысы Десиана Картика Бахари құтқарушылар қаза тапқан тоғыз кеншінің денесін тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Detik басылымы хабарлады.
Оның айтуынша, құтқару топтары шахта оқпанының ішінде қалып қойған болуы мүмкін 17 кеншіні іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар құтқарушылардың қауіпсіздігіне басымдық беріліп отыр.
Оқиға сейсенбі күні кешке Богор округінің Цигуха ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, көшкін салдарынан кеніштің бір бөлігі опырылып, су басқан. Бұл туралы бұған дейін ағылшын тіліндегі Jakarta Globe басылымы жазған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеніш ішіндегі жағдайдың күрделілігі кедергі келтіріп отыр. Қазылған жолдың тар әрі бедері тегіс емес, су басқан аумақтар, жарықтың жеткіліксіздігі мен тайғақ жер жұмысты қиындатқан. Оған қоса, маңайда жауған аздаған жаңбыр да құтқару операциясына кедергі келтіріп отыр.
Цигуха ауданы заңсыз алтын өндіру жұмыстарымен бұрыннан белгілі.
Еске сала кетсек, 23 қараша күні Индонезияда кондитерлік фабрика өртеніп, 7 адам қаза тапты, 42 адам із-түзсіз жоғалды.