Индонезияда болған зілзаланың магнитудасы 7,4-ке жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі, 2 сәуір күні таңертең Индонезияның Малуку бұғазы аймағында магнитудасы 7,4 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытай сейсмологиялық желілері орталығы (CENC) хабарлады, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Фото: Анадолы

CENC мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі координаттары 1,20 градус солтүстік ендік және 126,35 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Тереңдігі – 30 шақырым.

Осыған деййін Индонезияда жер сілкінісі салдарынан алып шұңқыр пайда болғанын жаздық.