Зілзаланың жергілікті уақыт бойынша таңғы 05:00 шамасында болғаны хабарланды. Жер сілкінісінің ошағы 162,2 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі 2,422° солтүстік ендік және 128,170° шығыс бойлықта, Тобело қаласынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 78 шақырым жерде орналасқан.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін Тимор-Лестенің Лоспалос қаласынан 83 шақырым шығысқа қарай магнитудасы 5,3 жер сілкінісі болғаны хабарланған.
Сондай-ақ 12 қыркүйек күні Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді.