Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10-ға жетті, 13 мың адам эвакуацияланды

ДЖАКАРТА. Синьхуа – ҚазАқпарат – Индонезияның батысындағы Батыс Суматра провинциясында болған 6,1 балдық жер сілкінісі салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 13 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалды, - деді Батыс Суматра іздеу және құтқару қызметінің басшысы Октавианто.

Оның айтуынша, іздестіру жұмыстарына қалың лай массасы, сондай-ақ жер сілкінісі қауіі төндіріп тұр.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінен Пасаман және Пасаман Барат аудандары ең көп зардап шеккен.

27 ақпандағы жағдай бойынша эвакуацияланғандар саны 13 мыңға жетті, деп хабарлайды Батыс Суматра провинциясының Табиғи апаттарды басқару агенттігінің жедел әрекет ету бөлімінің басшысы Джумаиди. Қазіргі уақытта босқындар 35-тен астам эвакуациялау пункттеріне жеткізген.

Зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.