- Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастырып жатыр. Қабылданған шаралардың әсерінен инфляция біртіндеп баяулауды жалғастырып келеді. Жылдық инфляция биыл тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады, - деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі қосты.
- Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті, - деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, биыл 9 айдың қорытындысында ел экономикасының өсуі 4,2 пайызды құрады.