«Басқарма қызметкерлері Тасорпа жеріне дейінгі жағажай аумағын тексеріп шықты. Алайда бірде-бір өлі балық табылған жоқ»-деді Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясының басшысы Жақсығали Іздібаев.
Желідегі видеоны С.Бодрягин есімді Ақтау қаласы тұрғыны таратқан.
Мемлекеттік инспекторлар ол азаматпен байланысып, ақпаратты қайдан алғанын сұраған.
Ол нақты қай жер екенін білмейтінін, бейнетүсірілімге қатысты жазбаны білместікпен жазғанын айтқан.