Министрдің сөзіне қарағанда, аталған іс бойынша күдіктілер арасында Қызылорда облысының тумалары да бар. Олардың арасында полиция қызметкерлері жоқ.
«Күдіктілердің аты-жөнін, мінген көліктерін анықтадық. Бұл ретте куәгерлер де табылды. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты іздеу жарияланды», - деді Қ. Қасымов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған еді.