«Атырау қаласында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Ф.Мұхамбетованың ұялы телефонына осы инспектордың бақылауындағы сотталған М.Қазиев 1 000 теңге бірлік аударған.
Аталған факті бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті М.Қазиевке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша (Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi)әкімшілік хаттама толтырып, сотқа қарауға жолданды.
М.Қазиевке Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 481 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.