Іnstagram-да Елбасы мен Бахрейн әмірінің 7 жыл бұрынғы кездесуінің суреті шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың instagram-дағы парақшасында Бахрейн Королінің сапарына орай Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Бахрейн әмірі Иса ибн Салман әл-Халифамен 1997 жылдың 1 қыркүйегіндегі Манамадағы кездесуінің фотосуреті жарияланды.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бүгін, 13 сәуірде Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен Иса әл-Халифа тұңғыш рет ресми сапармен келеді деп хабарлаған болатынбыз. Хамад бен Иса әл-Халифа сапарының аясында 14 сәуірде Астанада «Қазақстан-Бахрейн: Стратегиялық әріптестік» бизнес-форумы өтеді.