Интернет алаяқтың арбауына түспеудің жолы қандай – полиция кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Facebook-тегі парақшасында интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолдарын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше,алаяқтар арбауына түсіретін құрбандарын негізінен жылжымвайтын мүлік пен көліксату жарнамалары жарияланатын сайттардан іздейді.

«Қаскүнемдер пәтер немесекөлік сату сайттарынан құрбандарынтаңдап алғаннан кейін оларға телефон арқылы хабарласып, мүлкін сатып алуға жәнекепіл ақша жіберуге дайын екендіктерін айтады. Алдау арқылы сенімге кіргенненкейін сатып алушының төлем картасындағы «интернет-банкинг» қызметін қосудыұсынады және бұл ретте өздерінің телефон нөмірлерін береді. Ал алаяқтың құрбаныболса банк картасы мен онда есепшоттағы барлық ақша қаржатын басқарумүмкіндігін береді», - деді полициядан.

Осыған орай ішкі істердепартаменті азаматтарға барынша сақ болуға және карта есепшоттарының жекемәліметтері мен пин-кодтарын ешкімге бермеуге, жүзеге асырмаған банк картасыарқылы операцияларды растамауға, анонимді төлем жүйесі арқылы белгісізадамдарға ақша аудармауға, компьютерде немесе ұялы телефонда күдіктібағдарламалар мен қосымшаларды пайдаланбауға кеңес береді.

«Егер Сіз алаяқтардың құрбаныболсаңыз, онда шотыңыздағы ақшақаражатыңызды сақтап қалу үшін ең алдымен өз банкіңіздің байланыс орталығынажүгінуіңіз қажет. Сонымен қатар қалалық полиция департаменті жүгініңіз», - депатап өтеді департаменттен.