Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды – ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, 5 қазан күні терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҚР ҰҚК
Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық әрекеттері үшін сотты болған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.