АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген.
Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.