Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді
19:08, 26 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.
- Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Иордания Королінің ресми сапары кезінде Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.