1 қыркүйектен бастап күшіне енген заңға сәйкес, өндірушілер мен жеткізушілер гаджеттерде RuStore және Max мессенджері сияқты ресейлік қосымшаларды еркін орнату және жаңартуды қамтамасыз етуі тиіс.
Алайда Apple өнімдерінде бұл талап орындалмағандықтан, iPhone «кемшілігі бар тауар» деген белгімен сатылып жатыр.
Сатып алушылардан арнайы құжатқа қол қою талап етіледі. Онда «тауарда кемшілік бар: RuStore дүкенін орнату және пайдалану мүмкін емес» деп көрсетілген.
Сондай-ақ, құжатта «тауарды сатып ала отырып, тұтынушы аталған кемшілікпен келіседі және оны негізге ала отырып талап қоюға құқылы емес» деп жазылған.
ТАСС дерегінше, Samsung, Xiaomi, Honor, Huawei және басқа да қытайлық өндірушілер жаңа заңға сай құрылғыларында RuStore және Max мессенджерін алдын ала орнатуға дайын.
Айта кетейік, Ресей мен ЕО арасындағы сауда 2025 жылы тарихи минимумға түсті.