– 2024 жылы ақпанда «Эйр Астана» АҚ акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) Астана халықаралық қаржы орталығының (AIX), Қазақстан қор биржасының (KASE) және Лондон қор биржасының (LSE) сауда алаңдарына шығарылды. Үш алаңдағы орналастырудың жиынтық көлемі 356 млн АҚШ долларын құрады. 1 жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) – 9,5 доллар, 1 жай акция – 1 073,83 теңгеге (1 ЖДҚ = 4 акция) бағаланды. Қазіргі уақытта компанияның нарықтық капитализациясы 270,4 млрд теңге (541,8 млн АҚШ доллары), - делінген хабарламада.
Сондай-ақ компанияның акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының ІРО-ға шығарылған кездегі және қазіргі бағалары қандай екенін сұрап білдік.
- Орналастыру бағасы/қазіргі бағасы: KASE: бір акция 1 073,83 тг / 765 тг (-28,76%), AIX: бір акция 1 073,83 тг / 770 тг (-28,29%), LSE: бір ЖДҚ 9,5 доллар / 5,95 доллар (–37,37%), - деп көрсетілген қор мәліметінде.
Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Air Astana-ның» IPO-сына қатысты пікірін білдірген болатын.