Оның айтуынша, қарыз алушылардың орташа жасы бағдарлама түріне қарай өзгереді.
– Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салымшылардың орташа жасы 35-те. Ал ипотекалық қарыз алушылардың орташа жасы – 41-де. Гендерлік тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын әйел салымшылардың саны басым. Қазіргі таңда олардың саны 2,7 миллионға жетіп, жалпы салымшылардың 58 пайызын құрайды. Ер азаматтар саны – 1,498 миллион немесе 42 пайыз, – деді Ләззат Ибрагимова.
Банк төрағасының мәліметінше, нарықтық бағдарламалар бойынша да салымшылардың орташа жасы 35 жасты құрайды. Алайда бұл санаттағы азаматтар ипотекалық қарызды ертерек рәсімдейді. Олардың қарыз алушы ретіндегі орташа жасы – 39-да.
Бұған дейін Отбасы банк басшысы тұрғын үй кезегіндегі заңсыздықтың мән-жайын түсіндірген еді.
Сондай-ақ зейнетақы шегінің өсуі ипотекаға сұранысты төмендетпеген.