Иранның қарымта шабуылдары АҚШ сейсенбі күні Ормуз бұғазындағы Кешм аралында орналасқан Ислам революциясы сақшылар корпусының зымыран базасына соққы бергеннен кейін басталды. Ал Америкалық тарап 10 қарашада Иранның Бахрейндегі АҚШ радиолокациялық станциясына жасаған шабуылына жауап ретінде әуе соққысын жасаған еді.
Иранның мәлімдеуінше, жұма және өткен аптаның жексенбісінде Бахрейндегі АҚШ нысандарына жасалған шабуылдар америкалық күштердің дрондар арқылы бақылау жүргізуіне және Ирандағы ұялы байланыс мұнараларына соққы беруіне жауап ретінде ұйымдастырылған.
Мұндай өзара шабуылдар қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерге кедергі келтіріп, кең ауқымды соғыстың қайта басталу қаупін күшейтіп отыр.
Бұған дейін Иран Бахрейндегі АҚШ әскери базасына шабуыл жасалғанын мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз.