Иран мен АҚШ 26 ақпанда Женевада тағы да келіссөз өткізеді
06:22, 23 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің үшінші раунды 26 ақпан, бейсенбі күні Женевада өтеді. Бұл туралы Оманның сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди мәлімдеді.
Еске салайық, 6 ақпанда Оманда Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы жанама келіссөздер Оман сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидидің арағайындығымен өткен еді. Тараптар диалогты жалғастыруға келіскеннен кейін кеңес алу үшін тараған.
17 ақпанда келіссөздер қайта жанданды – бұл жолы Женевада, БҰҰ жанындағы Оман елшісінің резиденциясында өтті. Екінші раундтың қорытындысы бойынша Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи тараптар алдағы келіссөздердің негізі болатын базалық қағидаттар бойынша келісімге келгенін хабарлаған.