Иран мен АҚШ келіссөздердің үшінші раундын өткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Тараптар негізгі ұстанымдар, мақсаттар мен техникалық проблемаларды талқылады. Төртінші раунд келесі сенбіге жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Сенбі, 26 сәур күні Иран мен АҚШ Оман астанасы Маскат қаласында бірнеше сағатқа созылған Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің үшінші раундын аяқтады, IRNA.
Маскатта өткен алдыңғы екі раундтағыдай келіссөздердің көшбасшылары АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иранның Сыртқы істер министрі Абба Арагчи болды. Оманның Сыртқы істер министрі делдал рөлін атқарды.
Кездесудің алдында жасалуы ықтимал келісімнің техникалық жағын талқылауы тиіс сарапшылар деңгейінде Иран-Америка келіссөздері өтті. Екі ел арасындағы техникалық консультативтік кездесу бірнеше күн бұрын өтуі тиіс болатын, алайда ол Маскаттың бастамашылығымен, тараптардың келісімімен сенбіге қалдырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша, келіссөздер барысында делдал рөлін атқарған Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди тараптар басты ұстанымдар, мақсаттар мен техникалық проблемаларды талқылағанын атап өтті.
Оның сөзінше, келесіз келіссөздер алдағы сенбіде, 3 мамыр күні өтеді.
- АҚШ пен Иранның бүгінгі келісімі өзара құрмет пен міндеттерге негізделген келісімге келуге деген ұмтылысты байқатты. Негізгі басымдықтар, мақсаттар мен техникалық проблемалар талқыланды. Келіссөздер келесі аптада жалғасады, жоғары деңгейдегі тағы бір келіссөз алдын ала 3 мамырған жоспарланған,- деп мәлімдеді әл-Бусаиди.
Осыған дейін Иран уранды байыту құқығы талқылауға жатпайтынын мәлімдеген болатын.