Мәліметке сәйкес, тараптар Пәкістандағы кездесуде Иранға қарсы санкцияларды алып тастау, бұғатталған активтерді босату және ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ ирандық делегацияның құрамы 9 шілдеде АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылы салдарынан қаза тапқан елдің бұрынғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейді еске алу рәсімдері аяқталғаннан кейін белгілі болатыны айтылды.
Иран мен АҚШ арасында 14 маусымда қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, тараптар 60 күн ішінде Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету, Ормуз бұғазындағы жағдай және ядролық мәселе бойынша келіссөздер жүргізуі тиіс болған.
Алайда осы келіссөздер аясында 21 маусымда Швейцарияда өткен кездесу Израильдің Ливандағы әскери операцияларының жалғасуы, АҚШ-тың Иранның бұғатталған активтерін босатудан бас тартуы және Ормуз бұғазын басқару мәселесіне қатысты келіспеушіліктерге байланысты жалғаспады.
Соған қарамастан, Ормуз бұғазы маңындағы қақтығыстардан кейін 1 шілдеде екі елдің делегациялары Дохада Қатар өкілдерімен жеке-жеке кездесулер өткізді.
Бұған дейін Қатар АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдеген еді.