Бұл жайлы дүйсенбі күні Туиттердегі ресми парақшасында Press TV хабарлады.
Азаматтық қорғаныс күшерінің өкілдері берген ақпаратқа сүйенсек, аймақта 7 мың адамды қабылдай алатын дала госпитальдары құрылған. Жергілікті билік төсек-орын, азық-түлік және донор қаны жетіспей жатқанын мәлімдеді. Ең көп зардап шеккен Сәрпал-э Зәхаб қаласындағы госпиталь артық науқас қабылдай алмайтындықтан, армия тікұшақтары оларды басқа қалалардағы ауруханаларға, соның ішінде Тегеранға тасымалдап жатыр.
Көптеген тұрғындар өткен түнді көшеде от жағып өткізді. Түнде термометр бағаны тіпті нөл градусқа дейін төмендеген, дәл қазір 12 градус нөлден жоғары.