«Израиль мемлекетінің аумағында консулдық есепте тұрған 123 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде Қазақстан елшілігі қызметкерлері мен жанұя мүшелері де бар. Бірақ кейбір расталмаған деректер бойынша Израильде қосымша 100-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Олар консулдық есепке мүлдем тұрмаған. Бірақ енді бір-бірімен неше түрлі чаттарда, әлеуметтік желі арқылы араласып жатады, сол арқылы біліп жатамыз. Ондай азаматтардың консулдық есепке тұруға мәжбүрлей алмаймыз», - деді Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында.
СІМ ресми өкілі Израиль астанасындағы халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандықтан келіп-кету шектелмегенін еске салды.
«Иранда консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтарының жалпы саны 104 адам. Оның ішінде Қазақстан елшілігінің қызметкерлері сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бар. Бұған қоса Иран аумағында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың бірінде 174 қызметкер бар. Олар вахталық тәсілмен жұмыс істегендіктен консулдық есепте тұрмайды. Бәрімен тікелей байланыс орнатылған, біздің бақылауымызда», - деді ол.