Иран наразылық кезінде шамамен 2000 адам қаза тапқанын мойындады

Фото: Iran International

АСТАНА. KAZINFORM — Иран билігі жалғасып жатқан наразылықтар аясында болған адам шығынының көлемін алғаш рет жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Ирандағы наразылықтар кезінде қауіпсіздік күштерін қоса алғанда, шамамен 2000 адам қаза тапты. Аты-жөнін атамауды өтінген ирандық шенеунік сейсенбі күні Reuters агенттігіне сұхбат берген.

Есепте бұл сандар ел ішіндегі әртүрлі көздерден, соның ішінде қауіпсіздік агенттіктері мен медициналық мекемелерден алынған ақпаратқа негізделгені айтылған. Бұл хабарламаларды ресми органдар растаған жоқ және тәуелсіз тексеру мүмкін емес.

Иран билігі бұған дейін мұндай болжамдарды жоққа шығарып, наразылық акцияларын сыртқы күштер пайдаланды және ұйымдасқан топтар зорлық-зомбылық ұйымдастырды деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасатын елдерге 25% баж салығын енгізетінін жариялады.

Сондай-ақ, сейсенбі күні АҚШ өз азаматтарын Ираннан кетуге шақырды.