Ирна ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Э.Момени елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында осы аралықта репатриацияланғандардың 70 пайызы ерікті түрде болғанын мәлім етті.
Ол еліне қайтарылған ауғандықтардың басым бөлігі Иранның Хорасан-Резави және Ауғанстанның Герат провинциялары аралығында шекарадан өткенін айта кетті.
Осыған дейін Ауғанстандағы демографиялық өзгеріс Орталық Азияға қалай әсер ететіні туралы сараптама жаздық.
Сондай-ақ Британия билігі мыңдаған ауғандықты құпия түрде өз еліне көшіргенін хабарладық.