Иран Ормуз бұғазын басқаруға арналған жаңа органның құрылатынын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Тегеран АҚШ пен Израильмен қақтығыс кезінде кеме қатынасын бақылау механизмін қалыптастыруды жалғастырып отыр, деп хабарлайды Kazinform-ның Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі .

Фото: x.com/@Tasnimnews_EN

Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні жаңа орган – Парсы шығанағы және Ормуз бұғазында кеме қатынасы жөніндегі басқарманың (Persian Gulf Strait Authority, PGSA) құрылатынын жариялады.

X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада жаңа құрылым «Ормуз бұғазындағы операциялар және соңғы оқиғалар туралы жедел жаңалықтарды» ұсынатыны айтылған.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері де осындай хабарлама жариялады.

Жаңа органның құрылымы, өкілеттіктері және жұмыс тетіктері туралы әзірге егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған жоқ.

Жаңа органның құрылуы әлемдік мұнай мен газ жеткізілімдерінің айтарлықтай бөлігі өтетін Ормуз бұғазы төңірегіндегі дағдарыстың жалғасуымен байланысты.

Бұған дейін Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы Ибрахим Азизи Тегеран Ормуз бұғазы арқылы белгіленген бағыт бойынша кеме қатынасын реттеу механизмін әзірлегенін мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Иран жаңа жүйе аясында көрсетілетін «мамандандырылған қызметтер» үшін ақы алуды көздеп отыр.

- Бұл механизмді тек Иранмен ынтымақтастық жасайтын коммерциялық кемелер мен тараптар ғана пайдалана алады, - деді Азизи.

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдары басталғалы Тегеран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты шектеді, ал 13 сәуірден бастап АҚШ Иранның теңіз трафигіне қарсы әскери-теңіз блокадасын енгізді.

8 сәуірде Пәкістанның делдалдығымен жасалған атысты тоқтату жөніндегі келіссөздер әзірге қақтығыстың ұзақ мерзімге тоқтата алмады.

Бір күн бұрын Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи Иран мен Оманның техникалық топтары Оманда Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз транзит механизмін құру мәселесі бойынша келіссөз жүргізгенін хабарлады.

Оның айтуынша, тараптар халықаралық құқыққа сәйкес негіз құруды талқылады, ал Тегеран мен Маскат арасындағы сараптамалық консультациялар келесі аптада жалғасады.

Еске салсақ, Иран Трамптың қоқан-лоқысына қарамастан АҚШ-пен келіссөзді жалғастыратынын мәлімдеді. 

АҚШ Иранға ядролық келіссөздерді қайта бастау үшін бірнеше шарт қойды

Сондай-ақ Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жөнелткенін хабарладық.