Бұл туралы 17 қазанда Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
— Белгілі бір техникалық мәселелердің туындауына және сақтық шараларын қабылдау қажеттілігіне байланысты шекара арқылы қозғалыс пен трансшекаралық операциялар уақытша тоқтатылды, — деді ол.
Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, екі елдің билігі өзара тығыз байланыс орнатып, туындаған мәселелерді мүмкіндігінше тезірек шешу үшін консультациялар жүргізіп жатыр.
Тараптар шекаралық өткізу бекеттерінің қалыпты жұмысын қысқа мерзімде қалпына келтіруді көздеп отыр.
Бұған дейін Ауғанстан Пәкістанмен шекара маңында 28 содырдың көзі жойылғанын мәлімдеген болатын.